Жұмыла көтерген жүк жеңіл
Әулиекөл ауданындағы бірнеше күнге созылған алапат өрт күллі республика халқын бей-жай қалдырған жоқ. Барлық облыстар қиын-қыстау шақта ауызбірліктерінің мықты екендігін дәлелдеді. Қаншама гуманитарлық көмек көрсетілді. Қаржы, киім-кешек, азық-түлік те жиналды. Алдағы уақытта зардап шеккен азаматтарға тұрғын үй салынып берілетін болды.Аймақтардағы барлық мешіттердің ұйымдастыруымен Әулиекөл өңірінде 5 күннің ішінде 4 680 адамға ыстық тамақ үлестірілді.
«Аталмыш аудандық «Әмит ишан» мешітінде облыстағы мешіттердің қызметкерлері тікелей атсалысып, тілсіз жауды сөндіруге қатысқандардың, волонтерлердің, құрылысшылардың, басқа да кісілердің жанынан табылды. Көмекке мұқтаж жандарға қайырымдылық мақсатында қол ұшын берді», – дейді облыстық мешіттің баспасөз қызметі.
Қ.ҚИЫСХАН.