Бір бөлігі ашық
Күрделі жөндеуден өтіп жатқан Қостанай-Рудный тас жолы учаскесінің бір жақ беті пайдалануға берілді. Бұл туралы Рудный қалалық әкімдігі хабарлады.
"Тас жолдың бір бөлігінің ашылуы уақытша айналма жолдағы көліктер легінің азаюына ықпал етері сөзсіз", – делінеді хабарламада.
Естеріңізге салайық, бұл тас жолдың әр бөлігінде екі жолақтан болады. Жүргізушілер қауіпсіздігі үшін бөлу жолақтарыбарьерлік қоршаулармен жабдықталады, ал саяжайларға және қалалық зиратқа бұрылатын тұстарға бағдаршамдар орнатылып, жаяу жүргіншілер жолақтары салынады.
Жұмыстарды "Қостанай Жолдары" ЖШС жүргізіп жатыр.