Қазақстанда дизель отынының сараланған бағалары белгіленді

2022 жылғы 22 тамызда ҚР Энергетика министрлігінің бағаларына мемлекеттік реттеу белгіленген бөлшек саудада өткізілетін мұнай өнімдеріне шекті бағаларды белгілеу туралы бұйрығы күшіне енді.
Бұйрыққа сәйкес, мынадай маркалы бензиннің бағасы бұрынғы деңгейде қалады: Аи-80 – 89 тг. Қостанай және Солтүстік Қазақстан облыстарында Аи-92 және Аи-93 маркалы бензиннің бағасы – литріне 187 тг., Қазақстанның басқа облыстарында – литріне 182 тг., дизель отынының бағасы – литріне 450 теңге.
ҚР-да берілген жүргізуші куәлігін көрсеткен кезде дизель отынының лимиті өңіріне қарай күніне 100 литр көлемде бір литріне 230-260 теңге бағамен алуға болатын етіп белгіленген, ал Қазақстан Республикасында көліктерді тіркеу туралы куәлік көрсеткен жүргізушіге жүк, арнайы, мамандандырылған автомобильдер мен автобустар үшін бекітілген лимит 300 литр үшін тәулігіне өңіріне қарай литріне 230-260 теңге бағамен сатылады. Қалған санаттағы адамдарға, сондай-ақ көрсетілген лимиттерден жоғары дизель отыны литріне 450 теңгеден берілетін болады.
Сондай-ақ, ҚР Энергетика министрлігі мүдделі тараптармен бірлесіп, жанар май құю станцияларында (АЖҚС) сатылатын дизель отынының тәуліктік көлемін одан әрі қадағалау үшін ақпараттық жүйені анықтауғабайланысты мәселелерді пысықтауда.
Жақын арада АЖҚС өкілдері жүйелерді тестілеуден өткізетін болады. Қазіргі таңда 2019 жылы өнеркәсіптік пайдалануға енгізілген «Мұнай өнімдерінің жекелеген түрлерін есепке алудың ақпараттық жүйесі» ықтимал нұсқалардың бірі ретінде қарастырылуда. Қазіргі уақытта елдің АЖҚС нақты уақыт режимінде мұнай өнімдерінің қалдықтары бойынша деректерді көрсетілген ақпараттық жүйеге беріп жатыр. ҚР Үкіметінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы №1177 қаулысына сәйкес аталған ақпараттық жүйенің операторы «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ болып саналады.
 
Анықтама үшін айта кетейік, Argus Каспий нарығы сервисінің деректері бойынша ЕЭО-ға мүше елдерде дизель отынының құны 2022 жылғы 1 тамызда мынадай болды: Армения – 758 тг./литр; Ресей – 446 тг./литр; Қырғызстан – 412 тг./литр; Беларусь-446 тг./литр.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓