Көше жолдары жөнделуде
Рудный. Моноқалаларды дамыту бағдарламасы аясында кеншілер қаласында жолдарды жөндеу және қайта қалыпқа келтіру жұмыстары жүріп жатыр. Осы мақсатқа биыл 607 млн. теңге бөлінген болатын. Бүгінде қаладағы Корчагин көшесін қайта қалпына келтіру жұмыстары толығымен аяқталды. Сондай-ақ, 50 лет Октября көшесінің де жөндеу жұмыстары межесіне жетіп қалған көрінеді.