Инвестжобалардан күтер игілік көп
Аймақ басшысы Архимед Мұхамбетов Қостанай қаласының Индустриялық аймағында инвестициялық жобаларды іске асыру мәселелері бойынша көшпелі кеңес өткізді. Бұл туралы Қостанай облысы әкімінің баспасөз қызметі хабарлайды.


-Таяу жылдары индустриялық аймақ аумағында пайдалануға берілген ауыл шаруашылығы техникасын қайта өңдеу және кәдеге жарату хабын іске қосу жоспарлануда. Сондай-ақ, қолданыстағы "Беларус" тракторларының өндірісін оқшаулауды ұлғайту мақсатында техниканың осы түріне арналған кабиналар шығаратын цех салынуда, – деп атап өтті А.Мұхамбетов.
Облыс әкімінің айтуынша, "КАМАЗ" ЖАҚ-мен ынтымақтастықта автоқұрамдауыштар шығаратын зауыттардың құрылысы да жалғасуда, сондай-ақ "TEHNOPARK KZ" ЖШС "Луидор" ресейлік компаниясымен бірлесіп, коммерциялық техника өндірісі жобасын іске асыруды жоспарға алып отыр.
-Жоғарыда аталған жобаларды іске асырудың арқасында 1 мыңнан астам жұмыс орны құрылады. Бұл, сөзсіз, облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуына оң әсер етеді,-деді облыс әкімі.

