Онлайн кездесу өтті
Бүгін облыстық мәслихат депутаттығына кандидат Сайлаубек Ещанов, Шолпан Сигаева және Серікжан Мақаев бизнес өкілдерімен және кәсіпкерлермен онлайн үгіт-насихат кездесу өткізді.
Үгіт-насихат аясында кандидаттар кездесу қатысушыларына партияның сайлауалды бағдарламасын, оның негізгі мақсаттары мен міндеттерін, жеті негізгі басымдықтары мен алдағы 5 жылға арналған жоспарын түсіндірді. Кездесуге қатысушылардың барлығы ел азаматтарының игілігі үшін белгіленген мақсаттар жақын арада орындалатынына сендірді. Сондай-ақ, 2021 жылғы 10 қаңтарда әрбір қазақстандыққа өзінің азаматтық ұстанымын көрсетуге, сайлау учаскелеріне келіп, "Nur Otan" партиясына дауыс беруге шақырды. Өңірдің проблемалық мәселелері назарға алынып, талқылауға ұсынылды.
«…партияның басты басымдықтарының бірі – кәсіпкерлікті қорғау болып табылады. Ол бизнеске әкімшілік қысымның төмендеуіне партиялық және қоғамдық бақылау тәжірибесін кеңейтусіз мүмкін емес», – делінген "Nur Otan" партиясының бағдарламасында.
Партия неғұрлым зардап шеккен бизнес субъектілерінің қызметін қалпына келтіру үшін ғана емес, "Атамекен" ҰКП-мен мемлекеттік қолдау мен ынтымақтастықтың қолданыстағы құралдарын белсенді пайдалану арқылы жаңаларын құру үшін де жағдай жасайтын болады.
«Nur Otan» партиясы Қостанай облысының Сайлау қорының қаражатынан төленді.