580 мың тонна астық жиналмаған

Ауа-райының қолайсыздығына байланысты биыл өңірдегі егін орағы науқаны мерзімінен кеш аяқталғалы отыр. Бүгінге дейін 4 млн. 100 мың гектар алқаптың 3 млн. 518 мың гектары жиналған, яғни көрсеткіш 86 пайызды құрап отыр. Бұл туралы бүгін облыс әкімдігінде өткен аппарат мәжілісінде облыс әкімінің орынбасары Б.Жақыпов мәлімдеді.
Егін орағының қарқынына тоқталар болсақ, Сарыкөл, Ұзынкөл, Меңдіқара аудандарында 45-67 пайыз аралығында, ал Қарабалық, Федоров, Қарасу аудандарындағы меже 80 пайызды көрсетіп отыр. Бүгінгі күнге дейін қамбаға 1 млн. 455 мың тонна астық құйылған. Соның 70 пайызы үшінші, 12,7 пайызы төртінші, 15,2 пайызы бесінші сұрыпты болса, ал бірінші сұрыпты бидай көлемі 5 мың тоннадай ғана көрінеді.
Сондай-ақ, өңірде майлы дақылдарды жинау науқаны да жүріп жатыр. Әзірге, 362 мың гектар алқапқа егілген дақылдардың 30 пайызы ғана бастырылған.
Қарлығаш ОСПАНОВА
 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓