Жол апатынан балалар зардап шекті

Күні кеше Федоров ауданы аумағында, Алматы-Екатеринбург тас жолында сағат 4-тер шамасында жол-көлік оқиғасы болды. дтп
Успенов елді мекенінен екі шақырым жерде "Мерседес-Бенц" көлігін тізгіндеген 27 жастағы қостанайлық қарсы бетке шығып кетіп, «Опель Зафира» маркалы көлігімен соқтығысқан. Оқыс жайтқа көз байлайтын бұрқасын мен күшейген жел себеп болған. «Опель Зафираны» 34 жастағы федоровтық азамат басқарып келе жатқан.
Апат кесірінен "Мерседес-Бенц" жүргізушісі түрлі жарақаттар алды. Ол қалалық ауруханаға жеткізілді. Онымен бірге 11 жастағы қыз болған. Ол да көптеген дене жарақаттарын алды, қазіргі уақытта облыстық балалар ауруханасының жан сақтау бөліміне жатқызылды. Бұл ауруханада "Опель Зафира" жолаушылары – 1 және 7 жастағы балаларға да медициналық көмектер көрсетілуде. Көлік иесі аман.
 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓