Шенеуніктер мүгедек адамды құлдыққа сатқан
Қостанайлық шенеуніктердің үстінен адам сату дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Облыстық Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының лауазымды тұлғалары күдікке ілігіп отыр. Бұл туралы Cыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет мамандары мәлімет берді.
Шенеуніктер облыстың әлеуметтік мекемелерінің бірінде мемлекеттің қамқорлығында болған, жұмысқа қабілетсіз азаматты Нұр-Сұлтан қаласындағы қарттарға арналған жеке пансионатқа тегін жұмыс күші ретінде сатып жіберген.
«Күдіктілердің бірі соттың санкциясымен үйқамаққа алынды. Күдіктілерге қатысты түпкілікті шешім тергеу аяқталған соң олардың кінәсінің дәрежесіне сай қабылданатын болады, – деп хабарлады Антикор.
Тергеу амалдары жалғасып жатыр.