Тоғызқұмалақтан турнир өтті

Әулиекөл ауданында тоғызқұмалақтан республикалық турнир өтті. Спорт сайысы белгілі тарихшы, жерлесіміз Батыржан Кенжетаевты еске алуға арналды. Бұл турнир осымен оныншы рет ұйымдастырылып отыр. Биылғы жарыста Ақтөбе, Павлодар, Қызылорда, Батыс Қазақстан сынды облыстар мен Қырғызстан елінен келген 100-ден астам ұлттық ойын шеберлері бақ сынасты.ujboYEvxdx9YmdaV-lg
Өмірден ерте озған Батыржан Кенжетаев Қазан университетін үздік аяқтаған. Саналы ғұмырын ғылым жолына арнап, шығыс тарихын зерттеуге еңбегі сіңді. Отызында орда бұзған Батыржанды бауырлары, туған-туыстары, дос-жарандары еске алып, оны еске алуға арналған турнир өткізуді дәстүрге айналдырған. Бұл жолы да сол игі шара жалғасын тауып отыр.
Марқұмды еске алуға арналған турнирдің өткізілуінің де өзіндік себебі бар. Батыржанның бауырлары тоғызқұмалақ қазақтың ұлттық зияткерлік ойыны болғасын, әдейі таңдап алынғанын айтады. О баста бұл жарыс Батыржанның туған жері – Әулиекөл ауданында жүзеге асқан еді. Айта кету керек, Новонежин елді мекеніндегі орта мектебі  Батыржанның есімімен аталады.
Жан-жақтан жиналған тоғызқұмалақшылар тартысты ойын өрнегін көрсете білді. Еліміздің түкпір-түкпірінен, одан қалды қырғыз елінен арнайы келген спортшылар спорттың халық пен ұлтқа, шекараға бөлінбейтінін тағы бір паш етті. Республикалық сайысқа қатысушылар, өзара тәжірибе алмасып, шеберліктерін шыңдап қайтты.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓