Жолдарда – қызыл жолақ
Қостанай облысында республикалық маңызы бар автожолдарда қызыл белгі пайда болды. Ол қауіпсіздік аралдарында және жол-көлік оқиғалары жиі болатын қауіпті учаскелерде қолданылады.
Республикалық маңызы бар осындай жолдардың бірі – «Екатеринбург-Алматы». Жыл басынан бері республикалық маңызы бар трассаларда 22 ЖКО орын алды, онда 13 адам қаза тауып, 9 адам жарақат алды.
Әкімшілік полиция шет елдерде қызыл жол белгілерін қолдану тәжірибесі жолдардағы апаттар санын азайтуға мүмкіндік бергенін атап өтті.
Полиция қызметкерлері көктемде облыстық және республикалық маңызы бар автожолдарға кешенді көктемгі тексеру жүргізді. Іс-шараның қорытындысы бойынша жол иелеріне анықталған кемшіліктерді жою туралы, оның ішінде қауіпті бұрылыстарда шу жолақтарын орнату, жол белгілерін белгілеу және орнату бойынша ұйғарымдар берілді.Нәтижесінде трассаларда 50-ден астам қосымша жол белгілері пайда болды.
Әкімшілік полиция республикалық маңызы бар кейбір жолдарда жол төсемі жөнделетінін айтты. Осыған байланысты жүргізушілер мұқият болып, жылдамдық режимін сақтауы қажет.
Оған қоса, республикалық маңызы бар трассаларда қауіпсіздік мақсатында жеті ескерту макеті қойылды.