Жаңа Қазақстан: жаңару жолындағы оқыту мен тәрбиелеудің инновациялық әдістері

Ұлы ағартушының есімін иеленген Ы.Алтынсарин атындағы Арқалық педагогикалық институтына 50 жыл. Айтулы күнге орай, білім ордасында «Жаңа Қазақстан: жаңару жолындағы оқыту мен тәрбиелеудің инновациялық әдістері» және «Төлегенов оқулары-2022» халықаралық ғылыми-конференциясының пленарлық отырысы өтті.
Салтанатты жиында Арқалық қаласының әкімі Әмірхан Асанов құттықтау сөз сөйлеп, оқу орынының ректоры Сейтбек Қуанышбаев баяндама жасады.


Конференцияда Ы.Алтынсариннің Қостанай облыстық мемориалдық музейінің Бас қор сақтаушысы Назгүл Шектібаева «Ыбырай Алтынсарин – қазақ халқының білім жүйесін қалыптастырушы» тақырыбында баяндама жасады.
Сондай-ақ Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің профессоры Құрманғали Дәркенов, Институттың “Рухани жаңғыру” жобалық кеңсесінің директоры Роман Аймағамбетұлы, Ы.Алтынсарин атындағы гимназияның мұғалімі Ханзада Сарина сынды ғалым, ұстаздар баяндама оқыды.
Жиын соңында арнайы шақырылған қонақтарға сөз беріліп, профессорлық-оқытушылық құраммен, ардагерлерге мерейтойлық марапат табысталды.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓