TazaLike – тазалық жобасы 

Өткен демалыста ANANAT партиясының "Jas Otan" жастар қанатының белсенділері "TazaLike" партиялық жобасы аясындағы алғашқы экологиялық акцияға қатысты. Бұл жоба экологиялық сана-сезімді  қалыптастыруға және қоғамда экомәдениетті дамытуға бағытталған.Іс-шара барысында жүзден астам белсенді жас Гашек көшесіндегі қалалық жағалауды толықтай қоқыстан тазалады.
Осы акция арқылы қала жастары патриоттық рухты ғана емес, қоршаған ортаға деген қамқорлық деңгейін қолдайтындарын көрсетті. Ауа райының қолайсыздығына қарамастан,  акция қатысушылары жағалаудан керемет көңіл-күймен тарқасты.Айта кету керек, «ТазаLike» жобасы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың партияның XXII съезінде берген қоғамда экомәдениетті қалыптастыру туралы тапсырмасының және партияның жаңғыруы негізінде жүзеге асырылып отыр.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓