Qazvak-қа шетелден сұраныс бар – Президент
Қазақстан – әлемде вакцина жасап шығарған санаулы елдердің бірі. Бұл туралы Қ.Тоқаев Жолдауы барысында айтты.
"Короновирус денсаулық сақтау саласы үшін үлкен сынақ болды. Әлемді жайлаған індеттің беті әлі қайтар емес. Күн сайын мыңдаған азаматымыз дертке шалдығып, талай адам өмірден өтуде. Біз уақытты ұттырмай індетпен күресу іс-шараларын дереу қолға алдық. Қазақстан – коронавирусқа қарсы вакцина жасап шығарған әлемдегі санаулы мемлекеттің бірі. Біздің вакцинамыздың тиімді әрі қауіпсіз екендігіне еш күмән жоқ, Қазір Казвакқа өзге мемлекеттер де сұраныс білдіруде", – деді Қ.Тоқаев.
Сондай-ақ, мемлекет басшысы екпе алуға қарсы болып жүргендердің жетегінде кетпеген жөн екенін айтты. Ол ДДҰ-да тіркелген вакциналарды сатып алу керек екеніне де тоқталды. Мұның сыртында, "Дені сау ұлт" бағдарламасы аясында кемінде 12 зертхананы халықаралық стандартқа сай етіп жабдықтау қажет. Фармацевтика саласына ерекше көлік бөліну керек екені де назардан тыс қалған жоқ. Медицина өнімдерін зертханалық және техникалық сынақтан өткізетін орталық құру міндетін алға қойды.

"Фармацевтика өнеркәсібіне ерекше көңіл бөлу қажет. Індетпен күрес кезінде дәл сала еліміздің бәсекеге қабілеті мен қауіпсіздігі үшін маңызды екеніне көзіміз жетті. Сондықтан медицина өнімдерін зертханалық және техникалық сынақтан өткізетін орталық құруымыз керек. Жаһандық фармацевтикалық корпорациялармен ынтымақтастықты жандандырған жөн. Инвесторларды тартып, озық технологияны және осы саладағы жаңа зерттеу жұмыстарын игеруді қолға алу керек"- деді Мемлекет басшысы.
Президент отандық тауар өндірушілермен жасалатын offtake келісімшарттарының көлемін арттырып, өнім түрін көбейту қажеттігін баса айтты.
"Біздегі дәрі-дәрмек пен медициналық құрал-жабдықтың 17 пайызы ғана отандық өнім. 2025 жылы оны елу пайызға жеткізу қажет", – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.