100 млн теңге бопсалаған
Қостанайда банкроттықты басқарушы пара алып ұсталды. Бұл туралы Қаржылық мониторинг агенттігі хабарлайды.Қостанай облысы бойынша Қаржылық мониторинг агенттігінің аумақтық департаменті компанияның банкроттықты басқарушысы бас директордан және коммерциялық ұйымның құрылтайшысынан дебиторлар тізіліміне енгізу үшін 100 млн теңге мөлшерінде қомақты ақша қаражатын бопсалағанын анықтады. Күдікті ЖШС-ның (атауы жария етілмеген) бас директоры мен құрылтайшысынан алдын ала келісілген соманың жартысын – 50 млн теңгесін алу кезде ұсталды.
Қостанай қаласының Тергеу соты күдіктіні 2 ай мерзімге қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасына санкция берді. Коммерциялық параға сатып алу фактісі бойынша тергеу-тексеру шаралары жүргізіліп жатыр. Өзге ақпарат тергеу аяқталғанша жария етілмейді.