Жылдағыдан ерекше

Ұлыстың ұлы күні ауылдың көнекөз қарияларынан бата алу, ата-әжелердің қолынан дәм тату ежелгі дәстүр. Сол дәстүрді жаңғырту мақсатында Жанкелдин ауданы, Ақкөл ауылындағы А.Қоңқабаев атындағы жалпы білім беретін мектептің 6 сынып оқушысы Кәмен Шыңғыстың отбасына қазыналы қария Бөшен әжейден бата алып, қолынан дәм татуға сынып оқушыларымен  барған болатынбыз. Шыңғыстың анасы Гүлшат қазақтың салт-дәстүрін берік ұстанатын, бала тәрбиесіне ерекше мән беретін жан десек артық болмас. Дастархан толы қазақтың ұлттық тағамдары. Ағаш табаққа салынған ет қазы-қартасы, шұжық жаясын мол салып дайындаған. Қазан толы Наурыз көже, құрт-ірімшік, қаймақ, майы дейсің бе? Ұлттық тағамның бар асылы осында.

Балалар Бөшен әжемен сәлемдесіп келген жаңа жасымен құттықтап, әжейдің жан-жағына жайғасты. Әжей балаларға батасын бере отырып, дастарханнан дәм татуға шақырды. Балалар дастарханнан дәм тата отырып, әжейді әңгімеге тартты. Наурыз мейрамының маңызы жайлы әңгімені қызыға тыңдады. Адам қашанда жақсылықтан үміт күтіп, пайдалы іс жасаса, жақсы іс көрсең марқайып қалатын сөзсіз. Бізде бұл кездесуден марқайып, балалар де мәз болып қайттық.

Сөз соңында айтарымыз «жақсының жақсылығын айт нұры тасысын» дегендей Шыңғыстың анасы Гүлшат апайға зор алғыс айтқымыз келеді.  Ата-ана ретінде айтылған жай ғана өтінішке бар жанын салып, салт-дәстүрді ерекше ұстанатындығы үлгі өнеге болды. Және әр отбасындағы келін Гүлшаттан үлгі алса деймін.

Бұл Наурыз жылдағыдан ерекше болды.

Айгүл САТАЕВА,

А.Қоңқабаев атындағы жалпы білім беретін мектептің тәрбие ісі жөніндегі меңгерушісі.

 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓