Жаңа бассейн ашылды

Спортшылар бұған дейін 25 метрлік бассейні бар №1 спорт мектебінде жаттығып келген. Ал жаңа кешенде 50 метрлік 10 жолақ қойылған. Тренажер және жаттығу залдары да бар. Мамандар олимпиялық стандартқа сай келетін бассейн жаттығушылардың деңгейін көтеріп, жетістіктерге жетелейді деп отыр.

«Қазіргі уақытта облыс тұрғындарының 34,6%-ы немесе 297,6 мың адам, оның ішінде 80 мың бала мен жасөспірім дене шынықтырумен, спортпен тұрақты шұғылданады. Республика Президентінің тапсырмасы бойынша аймақта спорт бағытындағы мемлекеттік тапсырыс жүзеге асырылуда. Оған облыс бюджетінде шамамен 500 млн теңге қарастырылған, бұл өткен жылмен салыстырғанда 2,5 есе артық. Жаттықтырушы-оқытушыларға қосымша 146 жұмыс орнын құрылып, 7 мыңнан астам жеткіншек, оның ішінде көп балалы және аз қамтылған отбасылардан шыққан өрендер спорт секцияларындағы тегін сабақтарға барып жүр», – деді А.Мұхамбетов.


Бассейн мемлекеттік-жекешелік әріптестік шарты аясында бой көтеріп отыр. Яғни, жұмсалған ақшаның 30%-ы бюджеттен берілсе, 70%-ын банк қаржыландырады. Бұл ақшаны мемлекет белгілі бір уақытта өтеп береді.


