Жағдай бақылауда

Қостанай облысының Төтенше жағдайлар департаменті Қостанай қаласы аумағындағы су тасқынына дайындық барысы туралы айтты.
«Қазгидромет» РМК облыстық филиалының мәліметі бойынша, Қостанайда орташа айлық ауа температурасы наурызда – 4-7 С күтіледі, бұл нормадан 1-2° жоғары, қардағы су қоры – 61 мм (норма-52 мм), топырақтың күзгі ылғалдануы – 80 мм 112 норма кезінде, топырақтың қату биіктігі – 1 450 мм, қар қоры – 67 мм (норма-56 мм) құрайды.      «Қостанай аумағында өткен жылдардың тәжірибесі бойынша Дружба, Қостанай-2, Әуежай және Колесные Ряды аудандарының, Юбилейный ықшамауданының, Садовод жекелеген учаскелері мен Химик, Дархан және Текстильщик-1 көшелерін, «Гагарин көпірі» өткелін су басу қаупі бар. Қонай кентіндегі жаңа тұрғын үй кешендерінің құрылысына да көп мөлшердегі еріген қар суынан қауіп төнуі мүмкін«, – деп хабарлады ведомство.
14 ақпан мен 21 ақпан аралығында су тасқыны кезеңінен қауіпсіз өту үшін Қостанай қалалық төтенше жағдайлар бөлімінің қызметкерлері облыс орталығының аумағында орналасқан гидротехникалық құрылыстарды айналып өтті.
 «Қаладан еріген суды шығарудың негізгі учаскелері (Нагорная арығы, Оңтүстік айналма арна, Оңтүстік-батыс айналма арнасы, Дружба ауылының арнасы) қардан тазартуды қажет ететіні анықталды. Бұл жұмыстар наурыз айының екінші онкүндігіне жоспарланған», – деп түсіндірді ТЖД.
Ведомствоның баспасөз қызметінен хабарлағандай, бүгінгі күні облыс орталығында су тасқыны жағдайы нашарлаған жағдайда 6200 қап құм, 1600 м3 қиыршық тас, 5 тонна жанар-жағармай көлеміне қосалқы инертті материалдар жасақталды. Сондай-ақ, қала мердігерлері нөсер кәріздерін тазалау және қала аумағын қардан шығару жұмыстарын жүргізді. Сондай-ақ құтқарушылар 567 тұрғын үй ауласын аралап, 1134 адамға нұсқау берді.

 

 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓