Қаржы пирамидасы анықталды

Қостанайда "GАР" өндірістік кооперативі түріндегі қаржы пирамидасы анықталды. Бұл туралы Қостанай облысы бойынша Экономикалық тергеу департаменті хабарлады.Кооператив 30 000 теңгеден 480 000 теңгеге дейінгі сомадағы жеке тұлғалардың ақшасын тарту арқылы кіріс алу жөніндегі қызметті ұйымдастырған, сондай-ақ активтерді қайта бөлу арқылы кейбір қатысушылар басқалардың жарналары есебінен байыған.
Ұйымның кеңсесінен кооператив қызметі туралы жарнамалық брошюралар, салымшылар тізімі, кооператив пен салымшылар арасында жасалған электрондық форматтағы шарттар және т. б. табылды.
Департамент тергеуді жалғастырып жатыр, тергеу мүддесі үшін әзірге басқа ақпарат жария етілмеді.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓