Көше уақытша жабылады
Бүгін Қостанай қаласындағы Алтынсарин көшесінің Тәуелсіздік және Толстой көшелері арасындағы учаскеде автокөлік пен жаяу жүргіншілер қозғалысына уақытша шектеу қойылады.– 22 ақпанда сағат 16.00-де Қостанайда Қостанай облысы прокуратурасының аумағында полицияның, өртке қарсы қызметтің және жедел медициналық көмектің кешенді күштерінің өзара іс-қимыл дағдыларын пысықтауға бағытталған жоспарлы оқу-жаттығулар өткізілетін болады. Азаматтарды уақытша қолайсыздықтарға түсіністікпен қарауға, мемлекеттік органдар өкілдерінің заңды талаптарын орындауға, сондай-ақ тек ресми ақпаратты басшылыққа алуға шақырамыз,-деп хабарлайды Қостанай облысы ПД баспасөз қызметі.