“Әсіре байлар үстемдігінің салдарымен күресеміз”

Осылай деді ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметтің кеңетілген отырысында. 
«Қазір еліміз күрделі кезеңді бастан өткеруде. Дүние жүзін жайлаған індеттің беті қайтпай тұр. Соның салдарынан елдегі іскерлік белсенділік төмендеп кетті. Жыл басында болған оқиғалар ұлттық қауіпсіздігімізге зор қатер төндірді. Біз осындай қиын жағдайда ел бірлігінің арқасында мемлекетіміздің қауіпсіздігін, тіпті тұтастығын сақтап қалдық»,- деді Президент.
Мемлекет басшысы атап көрсеткендей,  Үкіметтің қазіргі басты міндеті – халықтың әл-ауқатын арттыру, сондай-ақ азаматтардың табысындағы алшақтықты азайту және еңбек етуге қолайлы жұмыс орындарын ашу.
«Біз жұрттың бизнеспен айналысуына тең мүмкіндік береміз. Қоғамымызда белең алған сыбайлас жемқорлық пен экономикадағы әсіре байлар үстемдігінің салдарымен күресеміз. Бәріміз елдің игілігі үшін қызмет етуге тиіспіз», – деді ҚР Президенті.

 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓