COVID-19: жұқтырғандар – 175 адам
7 ақпанда Қостанай облысында коронавирус 175 адамнан табылды.
Атап айтқанда: Әулиекөл ауданы – 39, Денисов ауданы – 38, Қостанай қ. –30, Рудный қ. – 29, Жітіқара қ. – 15, Қамысты ауданында – 11, Мендықара ауданында – 9, Қарасу ауданында – 4 адам.
159 адам ауруханаға өздігінен жүгінген кезде, 16 адам коронавирусрасталған науқастармен байланыста болған күдіктілер ретінде тексерілген. Індет жұқтырғандардың ішінде 158 адамда ауру белгілері болды, 17 адамға симптомсыз түрі тән.
Жалпы, Қостанай облысында 2020 жылғы 3 сәуір мен 2022 жылғы 7 ақпан аралығында COVID-19-ды 51 345 адам жұқтырған.
Емделіп шыққан адамдардың саны – 47 224.
2021 жылы 1 ақпанынан бастап бірінші компонентпен 354 380 адам, екінші компонентпен 336 852 адам вакциналанды.