Мемлекет басшысы: “Қазақ пен өзбек олигархтарының айырмашылығы үлкен”

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандық олигархтарды бай өзбекстандықтармен салыстырды, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
"Лоббистер өз уақытында Қазақстаннан кетіп, айтарлықтай көп ақша тапқан, соны қазір белгілі бір демонстрацияларды ұйымдастыруға, адамдардың миын улауға жұмсап жүрген біздің адамдардың тапсырысы бойынша жұмыс істейді, олар "неғұрлым нашар болса, соғұрлым жақсы" қағидаты бойынша әрекет етеді. Осыған байланысты мен Өзбекстаннан тыс жерде көп ақша тауып, байыған адамдармен салыстырамын, олар өздерінің тарихи отанына келіп, Өзбекстан Президентінен "Өзбек халқы үшін не істей аламыз, қандай көмек көрсете аламыз?" деп ауруханалар салады, жеке қаражатына инфрақұрылым жасайды. Бұл тұста елде немесе шетелде өз еліне шабуыл жасайтын біздің олигархтар мен өзбек олигархтары арасындағы үлкен айырмашылық осында", – деді Президент "Хабар" телеарнасына берген сұхбатында.
Айта кетейік, 11 қаңтарда Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Мәжілісте сөйлеген сөзінде "Қазақстан халқына" қоғамдық әлеуметтік қорын құруды тапсырды.
"Бұл барлық қазақстандықтың халықтық қоры. Ол әкімшілік немесе Үкімет жанында жұмыс істемейді", – деген еді Мемлекет басшысы.
28 қаңтарда Nur Otan партиясының съезінде Президент Қасым-Жомарт Тоқаев "Қазақстан халқына" қайырымдылық жасауға асықпайтын ірі бизнес өкілдеріне қатаң ескерту жасады.
"Олигополияның құрамына кіретін бизнестегі кейбір танымал адамдар Мемлекет басшысы бастаған қайырымдылық акциясына қатысуға асықпайды. Бұл ашкөздік, әдепсіздік немесе немқұрайдылық па? Бұл сұраққа жауап алу үшін мемлекеттің бірқатар өкілеті бар", – деген еді Президент.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓