Қор жеткілікті, баға тұрақты

Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, өңірде әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдерінің бағасын тұрақтандыру үшін бірқатар шара қабылданды. Бүгінгі таңда тұрақтандыру қорында картоп, сәбіз, жуа тәрізді 14 түрлі 9,9 мың тонна ауыл шаруашылығы өнімі бар. «Тобыл» әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациясының берген мәліметтеріне қарағанда, азық-түлiк тауарларының өңiрлiк тұрақтандыру қорына 4,8 млрд теңге бөлінген. Оның iшiнде тұрақтандыру қорының қызметiне 2,8 млрд теңге және қарыз беруге 2,0 млрд теңге бағытталды. Қазiргi уақытта азық-түлiк тауарларының өңiрлiк тұрақтандыру қорында тиісті келiсiм-шарт жасалған өнiмнiң қоры 8 369 тонна өнім және 8 млн жұмыртқа бар. Жекелей алғанда барлығы 2 млрд 559 млн теңгеге бағаланған өнім – қант – 597,l тонна, күрiш – 126,6 тонна, қарақұмық жармасы – 546,3 тонна, 1-сортты бидай ұны – 3 б18 тонна, макарон өнiмдерi – 41,4 тонна, өсiмдiк майы – 741,5 тонна, сары май – 49,1 тонна, cүт – 709,5 тонна, айран – 134,9 тонна, сүзбе – 0,9 тонна, тауық eтi – 311,5 тонна, сиыр eтi – 1115 тонна, картоп – 757 тонна, сәбiз – l20 тонна, қырыққабат – 135 тонна, жуа – 148 тонна, тұз – 50,5 тонна, нан – 269,8 тонна және 8,0 млн lC тауық жұмыртқасы сақтаулы.
Облыстық ауылшаруашылық басқармасы мамандарының айтуынша, тұрақтандыру қорындағы картоптың бір келесі қала дүкендерінде 140 теңгеден сатылып жатыр. Сәбіздің келісі 148 теңге. Бұдан былай қалалар мен аудан әкімдіктері әлеуметтік маңызы бар азық-түлік бағаларына тұрақты негізде мониторинг жүргізіп, бөлшек саудада бағаның бей-береке өсуіне жол бермейді. Облыс әкімдігі 16 қаңтардан бастап тауық етінің келісіне 890 теңге мөлшеріндегі шекті баға енгізді. Жоғарыдай айтқанымыздай, картоп – 140, сәбіз – 148, жуа – 86, қырыққабат – 104, қант – 289, күнбағыс майы – 710, макарон өнімдері – 188, сиыр еті – 1700, ұн – 120, сары май – 1800, күріш – 230, тауық еті – 800, жұмыртқа – 390 теңгеден сатылатын болды. Қостанайдағы «RAUZET Сауда» ЖШС, «Солнечный» ЖШС, «Астықжан Қостанай» ЖШС, «КО Меркурий» ЖШС, «Низкоцен» ЖШС, «Особа» ЖШС тәрізді алты супермаркеттің бағаны негізсіз көтергені анықталды. Олар әзірге әкімшілік жазаға тартылды. Ал бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің департаменті «ОптТорг CompanyPlus» ЖШС, «SolarChickens» ЖШС және «АЛТА XXI век» ЖШС көтерме сауда нысандарында сатушылар тауық етіне 15% -тен астам үстеме қосқан. Оларға да әкімшілік түріндегі жаза, яғни, ескерту жасалды. Енді сауда желілері өндірушілермен азық-түлік жеткізу бойынша тікелей келісім-шарттар жасасып жатыр. Нан, күнбағыс майы, жұмыртқа, картоп және көкөністер, қантты белгіленген бір бағада сату үшін тасымалдаушылар мен бөлшек сауда желілері арасында 953 меморандум, 783 шарт жасалды. Сондай-ақ, бірінші сұрыпты ұннан жасалған формалы әлеуметтік нанның бағасын тұрақтандыру үшін ауыл шаруашылығы басқармасы «Тобыл» ӘКК» АҚ-мен, Қостанай қаласының әкімдігімен, қала наубайханаларымен бірлесіп, облыс орталығының тұрғындарына бір бөлке нанды 90 теңгеден сату туралы келісімге қол жеткізді.
 
Газ баллондарының бағасы түсті
Елімізде сауда комитетінің қызметін күшейту үшін шұғыл түрде заңнамалық бастамалар қолға алынбақ. Түнеукүнгі Үкімет отырысында ҚР Премьер-Министрінің орынбасары, сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтанов: «ҚР ҰЭМ 2025 жылға дейінгі инвестициялық саясат тұжырымдамасын қабылдайды. Қазақстанда сұйытылған мұнай газы бағасының күрт өсуі шектеледі», – деді. Бірақ, өңір тұрғындары газ баллондарының бағасы әлі төмендемегенін айтады. Мәселен, бір оқырманымыз өткен аптада сұйытылған газ құйылған 15 литрлік баллонға екі мың теңге төлепті. Сондықтан, біз Қостанайдағы газ баллондарын сататын бірнеше нүктені аралап шықтық. Оларда баға айтарлықтай төмендеген. 15 литрлік газ баллоны 1400-1600 теңге тұрады. Жанармай құюшылар бағаға баллонға қызмет көрсету ақысы да кіретінін түсіндірді. Бәсекелестікті қорғау және қорғау агенттігінің департаменті басшысының орынбасары Дамир Тоқжанов бүгінде сұйытылған газ жеткізушілерімен келіссөздер жүріп жатқанын айтты. Газ баллондар бағасының төмендеуі осы жұмыстардың нәтижесі. Д.Тоқжановтың айтуынша, «Промбаза 7» 15 литрлік баллондарды 1200 теңгеге сатып жатыр. Ал шекті бағалардың енгізілуіне байланысты сұйытылған газды сатушылар бәрібір шығынға ұшырауы бек-мүмкін. Өйткені, шығындарды өтеу мәселесі шешілген жоқ. Олар сұйытылған газды биржадан әлдеқайда қымбатқа сатып алатын көрінеді.
 
Әлібек Ыбырай

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓