Атқарылар маңызды жұмыс көп

Осынау қысылтаяң шақта әскери қызметшілер көп қиындықты еңсерді. Бұл ретте әскери бөлімшелердің нақты әрекеттері үлкен роль атқарғанын айта кеткен жөн.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев елдегі бүлікшілермен күресте қаза тапқан сарбаздарымыздың ерлігін атап өтіп, оларға ІІІ дәрежелі «Айбын» орденін тағайындады. Терроршылармен қақтығыс кезінде біздің Ұлттық ұлан екі жауынгерінен айырылды. Жас сарбаздар Мадияр Қайсаров пен Айбат Аманов көз жұмды.
Ұлттық ұлан сарбаздары елдің әр аймағында лаңкестермен шайқастың алдыңғы шебінде жүріп, қиындықты жоюға зор үлес қосты. Осы қиын кезеңде Бас қолбасшымыз дұрыс қадамдар жасап, барлық жағдайды бақылауда ұстай білді.
Әскери бөлімшенің жеке құрамы Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың бүгінгі мәлімдемесін бірге отырып тыңдады. Мемлекет басшысы Қазақстан армиясының мәселелеріне дәл баға беріп, оның шешімдерін атап көрсетті. Ұлттық ұланды толық жабдықтау, сонымен қатар, штатын кеңейту, арнайы мамандандырылған бөлімшелерді көбейту жайында да тапсырма берілді.
Әскерилердің мәртебесін көтеру туралы да айтылды. Жастардың бойында патриоттық сезімді нығайтып, әскерге баруға ынталылар қатарын молайту – елде атқарылар маңызды жұмыстардың бірі болмақ.
Медет ЕСЕМБАЕВ,
полковник, 6697 әскери бөлімінің командирі

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓