Сақтық өзіміз үшін қажет
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ҚР Парламенті мәжілісінде Үкіметтің жаңа құрамын бекітті. Президент үндеуінде еліміздегі түйткілді мәселелерге байланысты бірқатар тапсырма беріліп, нақты мақсаттар қойылды.
Сондай-ақ, еліміздегі эпидемиологиялық ахуалға да тоқталды. «Бүкіл әлемде коронавирус індеті өршіп барады. Біздің елімізде де күрт өсуі байқалады. Тәулігіне екі мыңнан астам жаңа жағдай тіркеліп жатыр. Пандемия кезеңінде инфекциялар саны 1 миллионнан астам адамды құрады. Сондықтан босаңсуға жол бермей, коронавируспен күресуді жалғастыру маңызды. Бұл да жаңа Үкіметтің басты міндеті болуы тиіс», – деп атап өтті Қасым-Жомарт Кемелұлы.
Біздің өңірде эпидахуал тұрақты. Бірақ босаңсуға жол бермеуіміз қажет. Бұл індетпен күресуді жалғастыра береміз. Осындай қиын-қыстау кезеңде бірлігімізді көрсетіп, төтенше жағдай уақытында барлық шектеу шараларын қатаң сақтайық. Еліміздегі бейбітшілік пен тұрақтылықты сақтау әр азаматтың борышы екенін ұмытпаған жөн. Мемлекетіміздің өркендеу жолында бәріміз жұмылып, еңбек етуіміз керек.
Нұрислам ЗАКИРОВ,
дәрігер-эпидемиолог