Департаментте жаңа тағайындау

ҚР ІІМ бұйрығымен Қостанай облысы Полиция департаменті бастығының орынбасары лауазымына полиция подполковнигі Құрмет Кенжеханұлы Мәжікенов тағайындалды. Бұл туралы ведомствоның баспасөз қызметі хабарлайды.
Бүгін облыстық Полиция департаментінің бастығы, полиция генерал-майоры Бекет Аймағамбетов департамент бастығының жаңа орынбасарын таныстырды.
Құрмет Мәжікенов ішкі істер органдарында 20 жылдан аса қызмет етіп келеді. Ол ҚР Әділет министрлігі Қылмыстық атқару жүйесі комитетінің Қостанай заң институтын тәмамдаған.
Еңбек жолын Қостанай облысы ІІББ жедел әрекет ету арнайы жасағының полицейі ретінде бастаған. Рудный қаласы ІІБ-да түрлі лауазымдарда қызмет етті, ал 2016-2019 жылдары облыстық ПД Жергілікті полиция қызметі басқармасы бастығының орынбасары болды. 2019 жылдың мамырынан бастап облыстық ПД жергілікті полиция қызметінің бастығы болып қызмет етті. Бекет Аймағамбетов жаңа орынбасарға табысты әрі жемісті жұмыс тіледі.

 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓