Даудың басы – тым қымбат техникалық су

Таран ауданына тиесілі Набережный ауылының тұрғындары «Тобыл» МКК бекіткен техникалық су тарифінің тым қымбаттығына наразы. Мәселенің мәнісі коммуналдық кәсіпорын өкілдері ауыз су мен техникалық су берешектерін өндіріп алу рейдіне шыққанда анық болды. Шарасы қалмаған кәсіпорын басшылығы бұл жолы экскаватормен жүріп, қарызын өтемеген борышкерлердің ауыз суын біржола кесіп тастауға бекінді. Ауыл тұрғындарының айтуынша, маусым айында техникалық суды жеткізу келісім шартымен үй-үйді IMG_1738аралаған кәсіпорын өкілдері сол кезде бекітілген тарифті жоққа шығарып отыр. 
 
-Бекітілген баға бір сотық жерге  айына 700 теңге. Яғни мен 8 сотық жерге айын 5600 теңге төлеуім керек. Жазда судың ақшасын төлеуге 1-2 рет барғанымда «кейін төлейсіңдер» деп қайтарып жіберді. Енді міне, кәсіпорын менен екі айға 11200 емес, 26 мың теңгені талап етіп отыр. Үш күнде бір мезгіл ғана, яғни екі сағатқа берілген техникалық су 1 сотық жерді суаруға жетеді. Сонда өзен жағасында отырып, екі айда егінімді екі рет суарғаным үшін 26 мың теңге төлеу көңілге қонымсыз, – дейді әбден ашынған ауыл тұрғыны Бақытгүл Ешимова.
IMG_1723Шынымен де, берілген су сотығына емес, көлеміне қарай есептелсе құба-құп. Себебі дәл осындай көлемдегі суға 1-2 сотық жері барлар 3-4 есе аз төлеуде. Сонда 30 сотық жерің болса, 100 мың теңге төлеуге міндеттісің. Ол суды егінге қалай жеткізесіз, онда ешкімнің шаруасы жоқ.
Біз кәсіпорынның бас инженеріне «неліктен техникалық су тым қымбат және берілген судың көлеміне емес, сотықпен есептеп жатырсыздар» дегенде, «бұл тарифті монополияға қарсы агенттік бекіткен» деп сілтей салды.
Ауыл тұрғыны Ерназар Құрбанов:
-Қарызды өтемесем, экскаватормен жерді қазып, ауыз суымды жауап тастамақшы. Оны қайтадан қостырту 10 мыңге тұрады. Сотығына 700 теңге дегені қайда? Бұл сұраққа ешкім де жауап бергісі жоқ. Біздің базынамызды тыңдайтын кәсіпорын басшысы Таңсықбай Садықов та, ауыл әкімі Есмағамбет Арбағұлов та қара көрсетпеді, – дейді.
Рейд барысында ауыл тұрғындары шарасыздықтан қарызды бір ай ішінде төлейміз деген өтініш хаттарды жазып жатты. Себебі көмек сұрап, шағымданатын әкімдік те, «Нұр Отан» партиясы да демалыс күні жұмыс істемейтіні анық.
 
Қуаныш Есқабыл   

 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓