Қала күні мерекеленді (Арқалық қаласына – 58 жыл)

DSCF71251956 жылғы 23 қазанда Қазақ ССР  Жоғарғы Кеңесі президиумының DSCF7112Арқалық жүмысшылар кентін ашу туралы Қаулысы жарық көрген болатын. Содан бері бұл күн Арқалық қаласының ресми туған күні болып саналады. Тың жерді игеру оңай болған жоқ. Алғашқы қала салушылардың қыстың қытымыр суығы мен жаздың аптап ыстығын, ауыз су мен азық-түлік тапшылығын бастан өткеруіне тура келді.
DSCF7138 Қала күнін мерекелеуге орталық "Наурыз" алаңына жиналған халық DSCF7142қаланың осындай өткен белестерін бедерлеген театрландырылған көріністі тамашалады. Ашық аспан аясындағы сахнада "Жайнай түс, жасара бер, Арқалық!" атты мерекелік концерт ұйымдастырылды. Қаланың 58 жылдық мерекесіне 58 ақ жаулықты әжелер немерелерін жетектеп жүріп шашу шашты. Қала әкімі Ғ. Бекмұхамедов құттықтау сөз сөйлеп, қаланың әлеуметтік дамуы мен абаттандырылуына ат салысқан еңбек озаттарын грамота, алғыс хаттармен марапаттады. Арқалық қаласы әкімдігінің "Қараторғай" жалпы орта білім беру мектебіне "Көшбасшы – 2014" (ТОП – 100) ұлттық сертификаты табыс етілді. Биылғы жылы шаңырақтарында үшем дүниеге келген Балғынбаевтар отбасына екі бөлмелі пәтердің кілті табыс етілді. Қала күнінде отау көтерген жас жұбайларға сый – сияпат жасалды. Ғ. Ерболатұлы мұнан былай қала күні "Арқалық – Шұбаркөл" жаңа теміржол желісі ашылған 22 тамызда өткізілетін болады деп жариялады.
DSCF7109  Қала күніне "Алюминқұрылыс", "Нұржайлау НС" ЖШС ақ тілектерін DSCF7118арнады. Қалаға қарасты ауылдардың көркемөнерпаздары ән – жырын әкеліп, қолөнер көрмесін ұсынды. Сондай ақ қала күнінде армреслинг, арқан тарту сынды спорттық сайыстар жанкүйерлерін жанына көптеп жинап, сауда – саттық жәрмеңкесі өткізілді.
 
 
 
 
 
Мұрат Жүнісұлы
Қала күні көріністері
Суреттерді түсірген автор
Арқалық қаласы
 

 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓