“Бейбітшілік пен келісім жолымен”
Қостанай облысының барлық қала мен аудандарында «Бейбітшілік пен келісім жолымен» атты фильм көрсетілді.
Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған картина Қазақстан халқы Ассамблеясының бастамасымен жарыққа шығарылып отыр. Барлық өңірді қамтыған телевизиялық экспедицияда түсірілген фильмнің төртінші бөлімі теріскейдегі аймақтарға арналған. Солтүстік Қазақстан, Қостанай, Ақмола, Павлодар облыстарымен қатар, Нұр-Сұлтан қаласының мәдени-рухани тұрмысы, ұлттар достығы баяндалып, соңы жас ұрпақтың сенімді сөздерімен түйінделеді.

Фильмнің басты кейіпкерлері – көпбалалы отбасылар мен этномәдени бірлестіктердің өкілдері.
Көрсетілім соңында түсірілім алаңында болған жерлестеріміз А.Кішкентаеваға, Г.Төлегеноваға және Д.Ромащенкоға көрермендер алғыс білдіріп, ұйымдастырушылар тарапынан естелік сыйлықтар табыс етілді.