COVID-19: 40 мыңнан асты
1 желтоқсанда Қостанай облысында коронавирус 89 адамнан табылды.
Атап айтқанда: Қостанай қ. – 36, Жітіқара және Рудный қалаларында – 13, Қостанай ауданында – 11, Лисаков қ.- 6, Арқалық қаласы және Мендықара ауданында – 3, Б.Майлин ауданында – 2, Алтынсарин ауданында – 1 адам.
74 адам ауруханаға өздігінен жүгінген кезде, 15 адам коронавирус расталған адамдармен байланыста болған күдіктілер ретінде тексерілген.
Індет жұқтырғандардың ішінде 76 адамда ауру белгілері болды, 13 адамға симптомсыз түрі тән.
Жалпы, Қостанай облысында 2020 жылғы 3 сәуір мен 2021 жылғы 1 желтоқсан аралығында COVID-19-ды 40 085 адам жұқтырған. Емделіп шыққан адамдардың саны – 38 512.
Осы жылдың 1 ақпанынан бастап бірінші компонентпен 340 050 адам, екінші компонентпен 318 808 адам вакциналанды.