Көше атауы берілмек
Жақында Рудный қаласы көшелерінің біріне Амангелді Жантеміровтың есімі беріледі деген жағымды хабар құлағымды шалды. Ол бойынша қоғамдық тыңдау да өткізіліп, облыс әкімі Нұралы Садуақасов қол қойған ұсыным хат Астанаға жіберіліпті.

Алайда, айтайын дегенім бұл емес. Бүгінде Рудныйдағы 170-ке жуық көшенің үшеуі ғана қазақтың ұлы тұлғаларымен аталған. Мүмкін емес дерсіз. Себебі Абай, Алтынсарин және Майлин көшелері адам баласы іздесе таппас жеке сектордағы қуыс-қуыс үйлердің арасында орын тепкен. Қарапайым тұрғындар бұндай көшелердің бар екенінен де бейхабар. Амангелді Жантеміровке де осындай 2-3 үйден тұратын көшенің есімі берілмесіне кім кепіл. Меніңше, жоғарыда айтылған Абай, Алтынсарин, Майлин көшелерін де қазақты қорламай жарық, әрі кең көшелерге көшіру заман талабы. Айта-айта осылай қалады. Жоғары отырған ұлтжанды аға-әпкелерім не дейді екен?
Қуаныш Есқабыл
Шынымен де Рудный күн сайын көркейіп келе жатқанымен, көше атауларының барлығы орысша, Ленин, Франко, Фрунзе болып кете береді. Балаларымызды ойлап көше атауларын өзгертсек, жақсы болар еді. Жалтақтық деген, жағымпаздық деген ұзаққа апармайды.