Шеберлікті шыңдайды
Қостанайда Worldskills Kazakhstan студенттік кезеңі басталды. Биыл республикалық кәсіби шеберлік байқауы еліміздің сегіз өңірінде ұйымдастырылып жатыр. Ол 70 түрлі мамандық бағыты бойынша 18 жарыс алаңы базасында өтуде. Қостанай облысы жарысқа қатысушыларды қабылдайтындар қатарында. Оларды және сарапшыларды жарыстың ашылу салтанатында облыстық білім басқармасының басшысы Зәуре Бәйменова қарсы алды.
«Біз үшін бұл үлкен және маңызды іс-шара. Облыс орталығындағы автомобиль көлігі, индустриалды-педагогикалық және педагогикалық колледждері байқау алаңдары мәртебесіне ие болды. Онда көлік, қызмет көрсету саласы, шығармашылық және дизайн бағыттары бойынша жарыстар өтеді», – деді басқарма басшысы.
Жарыстарды ұйымдастыру барысында Нұр-Сұлтан қаласынан келген "Талап" коммерциалық емес акционерлік қоғамы өкілі Ардақ Бегатаров іс-шараның Тобыл өңірінде жоғары дайындық деңгейінде өткеніне сенімді.
«Қостанайға мықты студенттер келді. Күрес қатал болады. Олар бәсекеге түсетін колледждер мықты базамен. Ал жалпы еліміз бойынша жарысқа 450-ден астам студент қатысуда. Нәтижелері 10 желтоқсанда Нұр-сұлтан қаласында белгілі болады. Worldskills әлемдік чемпионатында Қазақстан 14 – ші орында, үздік ондыққа кіру жоспарда бар», – деп атап өтті астаналық мейман.
WorldSkills-бүкіл әлем бойынша кәсіби чемпионаттарды өткізу арқылы кадрлардың кәсіби дайындығы мен біліктілігінің стандарттарын арттыру үшін құрылған халықаралық коммерциялық емес ұйым. WorldSkills қозғалысы 1947 жылы Испанияда соғыстан кейінгі кезеңде елдің өнеркәсібін қалпына келтіру үшін қажетті жоғары білікті жұмысшы кадрлардың жетіспеушілігіне жауап ретінде құрылды.