COVID-19: 72-ге төмендеді

22 қарашада Қостанай облысында коронавирус 72 адамнан табылды.
Атап айтқанда: Қостанай қ. – 35, Рудный қ. – 8, Қарабалық және Қарасу аудандарында – 6, Алтынсарин және Әулиекөл аудандарында – 5, Лисаков қаласы және Сарыкөл ауданында – 3, Мендықара ауданында – 1 адам.
62 адам ауруханаға өздігінен жүгінген кезде, 10 адам коронавирус расталған науқастармен байланыста болған күдіктілер ретінле тексерілді.
Індет жұқтырғандардың ішінде 63 адамда ауру белгілері болды, 9 адамға симптомсыз түрі тән.
Жалпы, Қостанай облысында 2020 жылғы 3 сәуір мен 2021 жылғы 22 қараша аралығында COVID-19-дың 39 243 жағдайы тіркелді.
Емделіп шыққан адамдардың саны – 36 670.
Осы жылдың 1 ақпанынан бастап бірінші компонентпен 337 484 адам, екінші компонентпен 314 960 адам вакциналанды.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓