COVID-19: +107

21 қарашада Қостанай облысында коронавирус 107 адамнан табылды.
Атап айтқанда: Қостанай қ. – 47, Рудный қ. – 13, Қостанай ауданы – 12, Қарасу ауданы – 9, Лисаков қаласы және Федоров ауданында– 6, Әулиекөл ауданы – 4, Жітіқара қаласы және Мендықара ауданында – 3, Алтынсарин және Сарыкөл аудандарында – 2 адам.
101 адам ауруханаға өздігінен жүгінген кезде, 5 адам коронавирус расталған науқастармен байланыста болған күдіктілер ретінде, 1 жағдай профилактикалық мақсатта ауруханаға жатқызу алдында тексерілді.  
Індет жұқтырғандардың ішінде 100 адамда ауру белгілері болды, 7 адамға симптомсыз түрі тән.
Жалпы, Қостанай облысында 2020 жылғы 3 сәуір мен 2021 жылғы 21 қараша аралығында COVID-19-ды 39 171 адам жұқтырған. Емделіп шыққан адамдардың саны – 36 419.
Осы жылдың 1 ақпанынан бастап бірінші компонентпен 336 910 адам, екінші компонентпен 314 398 адам вакциналанды.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓