108 адамға жұқты
30 қыркүйекте Қостанай облысында коронавирус 108 адамға жұқты.
Атап айтқанда: Қостанай қ. – 38, Қостанай ауданы – 10, Лисаков қ. – 8, Рудный қаласы және Қарабалық ауданында 7 – ден, Федоров ауданы – 6, Жітіқара қаласы және Мендықара ауданында – 5, Алтынсарин, Әулиекөл және Б.Майлин аудандарында 4 – ден, Сарыкөл және Денисов аудандарында – 3, Ұзынкөл ауданы – 2, Қамысты және Науырзым аудандарында – 1.
93 адам ауруханаға өздігінен жүгінген кезде, 15 адам коронавирус расталған науқастармен байланыста болған күдіктілер ретінде тексерілді.
Індет жұқтырғандардың ішінде 99 адамда ауру белгілері болды, 9 адамға симптомсыз түрі тән.
Жалпы, Қостанай облысында 2020 жылғы 3 сәуір мен 2021 жылғы 30 қыркүйек аралығында COVID-19-ды 33 433 адам жұқтырған. Емделіп шыққан адамдардың саны – 29 405.
Осы жылдың 1 ақпанынан бастап бірінші компонентпен 318 082 адам, екінші компонентпен 288 520 адам вакциналанды.