Қазақ тілі – өндірісте

Қостанай облысы әкімдігі тілдерді дамыту басқармасының «Тілдарын» облыстық тілдерді оқыту орталығы қазақ тілін мемлекеттік қызметшілерге деңгейлік оқытумен қатар, қаламыздағы ірі кәсіпорындар мен сауда орталықтарында да кеңінен насихаттап, қысқа мерзімді курстарды ұйымдастырып келеді. Атап айтатын болсақ, қаладағы машина құрастыратын ірі кәсіпорын «СарыарқаАвтопром» ЖШС-нің қызметкерлері өндірістен қол үзбей аптасына екі рет қазақ тілін оқыту курстына қатысуда. Қазақ тілі сабақтары кәсіпорынның арнайы жабдықталған кабинетінде жүргізіледі.
Төл теңгеміздің айналымға енгеніне 28 жыл толуына арналған ашық сабақты орталық оқытушысы Жұмабаева Жазира Әлімжанқызы жүргізді. Тыңдаушылар екі топқа бөлініп, сайыс сабаққа өте белсенді қатысты.
«Қазақ тілін өндірісте оқытуды қолға алдық. «СарыарқаАвтопром» ЖШС-де қазіргі таңда 2 топта 40 адам курсқа қатысуда. Тыңдаушылардың тілді үйренуге деген ынтасы өте зор екенін байқадық. Алдағы уақытта ағылшын тілін оқытуды және қазақ тілін еркін форматта үйрететін «СөйлеTime» клубын аталған ірі кәсіпорын базасында ашуды жоспарлап отырмыз» – деді орталық басшысы Жұлдызай Ербатырова.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓