Азамат Оразов: «Қаржы алаяқтарымен күрес күшейді»
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев биылғы Жолдауында алаяқтыққа және қаржы пирамидаларына қарсы шаралар кешенін әзірлеуді тапсырды. Бұл ретте Қазақстан Республикасы Қаржы мониторингі агенттігінің Қостанай облысы бойынша Экономикалық тергеу департаменті Бізге осы жайында Қостанай экономикалық департаменті басшысының орынбасары Азамат Оразов сұқбат берген болатын. өз құзыреті шеңберінде аталған бағыт бойынша жұмыс жүргізуде.
-Алайда, көптеген тұрғындар әлі күнге дейін қаржы пирамидасы деген атауды естігенімен, оның қандай жүйе екенінен толықтай хабарсыз. Сонымен, қаржы пирамидасы деген не? Оның белгілері қандай?
-Қаржы пирамидасы – бұл салымшылар кірістерді тек жаңа қатысушылардың жарналары есебінен алатын қылмыстық жазаланатын инвестициялық схемалар. Ақша ағымы тоқтағаннан кейін төлемдер тоқтатылады және схемаға қатысушылардың көпшілігі қаражатсыз қалады. Табысты алуға кепілдік берілген жалғыз адам – бұл қаржы пирамидасын ұйымдастырушы.
Қаржы пирамидаларын ұйымдастырушылар алаяқтық схемаларды әртүрлі жолдармен жүзеге асырады. Бұл зергерлік бұйымдарды, туристік билеттерді, бағалы қағаздарды сатып алу, сату қызметтері, сондай-ақ криптовалюталар мен биткоиндерді сатудың жаңа тәсілдері болуы мүмкін. Олар бірден манипуляцияға бейім адамдарды таниды. Олар моральдық-психологиялық қысымның әртүрлі құралдарын қолданады, адамдардың проблемалары, армандары, жоспарлары туралы көбірек біледі. Ал көмек көрсету мақсатын жасыра отырып, жаңа салымшыларды өз схемасына тартады. Бұл ретте олар көздейтіні тек қана бір мақсат – сенгіш азаматтарды елеулі қаржы табуға алдап әкелу.
-Қостанай облысының аумағында қанша қаржы пирамидасы анықталды? Шағымданушылар көп пе?
-Жыл басынан бері департамент заңсыз қаржы пирамидасын құру фактісі бойынша 21 өтінішті тіркеді. Өтініштер «Финико» және «Antares» компаниясының қызметіне, сондай-ақ, өңір азаматтарынан ақшалай қаражатты заңсыз тартумен байланысты бірқатар сотқа дейінгі тергеулер жүргізді.
Департамент «Antares» және «Finiko» компанияларының қаржы пирамидасын құру фактісі бойынша ҚР ҚК 217-бабы 3-бөлігі 2-тармағы бойынша қылмыстық істі тіркеді. Олар Қостанай облысының аумағында қызметін қабылданған міндеттемелерді қамтамасыз ететін кәсіпкерлік қызметке тартылған қаражатты пайдаланбай, жеке тұлғалардан ақша тарту жолымен, осы активтерді қайта бөлу және бір қатысушыларды басқалардың жарналары есебінен байыту жолымен жүзеге асырды. Осыған байланысты Қостанай қаласының Полиция басқармасының іс жүргізуінде осыған ұқсас факті бойынша қылмыстық іс бар болғандықтан, аталған материалдар сол қылмыстық іс материалдарына қосу үшін жолданды. Сонымен қатар, олардың Ресей Федерациясының 3 азаматына қатысты сотқа дейінгі тергеу басталды.
– Азамат Ондасынұлы, қаржы пирамидасының белгілері қандай?
-Қаржы пирамидаларының негізгі белгілері: біріншіден, олар қомақты қаражат салуды сұрайды, ал олар инвестицияланған капиталға өте жоғары пайыздарды ұсынады және ақшаларын қайтару үшін достарын тарту керектігін айтады. Бұл ретте жоба «ноу-хау» ретінде беріледі, ал компанияның өзі жақында тіркелген, оның ең аз жарғылық капиталы және жалғыз құрылтайшысы бар. Олардың әлеуметтік желілерде белсенді және интрузивті жарнамалары, түрлі презентациялар, түрлі сыйлықтардың ұтыс ойындары, сыйлықтар, ваучерлер, парақшаларды жаппай тарату, пошта және E-mail хабарламалары бар. Шартта жауапкершілік көрсетілмеген немесе келісімшарт мүлдем жоқ. Бұдан әрі компания «микроқаржы ұйымы», «кредиттік бюро», «допингке қарсы бағдарлама», «қаржылық қызметтер орталығы» болып тіркелуі немесе олардың атын пайдалану мүмкін. Қаржы пирамидасының өкілдері қолма-қол ақшаны қабылдайды немесе компанияның банктердегі арнайы есеп айырысу шоттарын қолданбай, интернет-төлемдер мен аударымдардың әртүрлі жүйелерін пайдаланады.
Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің азаматтарынан ақша тартуға лицензиясы жоқ, яғни егер сізге ресми қағаз көрсетілсе де, ұлттық орталықтың облыстық филиалына хабарласып, ақпаратты қайта тексерген дұрыс. Және қаржы нарығының субъектілері бойынша мәліметтерді нақтылауға немесе Мемлекеттік кірістер департаментінің сайтында тексерген жөн.
–Бүгінгі таңда қаржылық пирамидалар заңсыз деп танылып, дүние жүзінің 39 елінде тыйым салынған. Ал бізде қалай? Қандай жауапкершілік қарастырылған?
–Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодекстің 150-бабы «Қаржылық (инвестициялық) пирамиданың қызметiн жарнамалау» бойынша жауапкершілік қарастырылған. Қаржылық (инвестициялық) пирамида қызметiнiң жарнамасын шығару, тарату және орналастыру – үш айға дейiнгi мерзiмге бұқаралық ақпарат құралының шығарылуын (эфирге шығуын) тоқтата тұрып, жеке тұлғаларға – бiр жүз елу, лауазымды адамдарға – бiр жүз жетпіс, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – екі жүз, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне – үш жүз, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне алты жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2014 жылдың 17 қаңтарында «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қаржылық (инвестициялық) пирамидалардың қызметіне қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заң қабылданды.
Қаржылық (инвестициялық) пирамиданы құрған және оның қызметіне басшылық жасаған адам қылмыстық жауапкершілікке тартылып, Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 217 бабы бойынша, мүлкі тәркіленіп, 3 жылдан 12 жылға дейін бас бостандығынан айырылады. Сондай-ақ оның қызметiн жарнамалаған адамға әкімшілік жаза да қарастырылған. Ол жеке тұлғаға 150, ірі кәсіпкерлік субьектілеріне 600 айлық көрсеткіш есебіндегі айыппұл.
-Егер қаржы пирамидасының құрбаны болса, қайда жүгіну керек?
-Егер сіз Қаржы пирамидасына тап болсаңыз немесе оның құрбаны болсаңыз немесе осындай пирамидаға сіздің таныстарыңыз немесе жақындарыңыз тартылған болса, сондай-ақ егер қандай да бір ақпарат мәлім болса, Қазақстан Республикасы Қаржы мониторингі агенттігінің Қостанай облысы бойынша Экономикалық тергеу департаментіне немесе 8 (7142) 53-60-26 сенім телефонына қоңырау шалу қажет.