Эпидахуал: 98 адам жұқтырды
16 қарашада Қостанай облысында коронавирус 98 адамнан табылды.
Атап айтқанда: Қостанай қ. – 23, Рудный қ. – 22, Лисаков қ. – 11, Әулиекөл ауданы – 10, Қарасу ауданы – 8, Жітіқара қаласы және Қостанай ауданында – 7, Мендықара ауданы – 3, Арқалық қаласы, Алтынсарин және Федоров аудандарында – 2, Амангелді ауданында – 1 адам
83 адам ауруханаға өздігінен жүгінген кезде, 15 адам коронавирус расталған науқастармен байланыста болған күдіктілер ретінде тексерілген. Індет жұқтырғандардың ішінде 90 адамда ауру белгілері болды, 8 адамға симптомсыз түрі тән.
Жалпы, Қостанай облысында 2020 жылғы 3 сәуір мен 2021 жылғы 16 қараша аралығында COVID-19-ды 38 620 адам жұқтырған. Емделіп шыққан адамдардың саны – 36 071.
Осы жылдың 1 ақпанынан бастап бірінші компонентпен 335 541 адам, екінші компонентпен 312 427 адам вакциналанды.