Күн дерегі: 112 адам жұқтырды
24 қазанда Қостанай облысында коронавирус 112 адамнан табылды.
Атап айтқанда: Қостанай қ. – 36, Қостанай ауданында – 13, Жітіқара қ. – 11, Рудный және Лисаков қалаларында – 10, Б.Майлин және Қарабалық аудандарында – 6, Мендықара ауданында – 5, Әулиекөл, Денисов және Қарасу аудандарында – 4, Қамысты ауданында – 3.
104 адам ауруханаға өздігінен жүгінген кезде, 8 адам коронавирус расталған науқастармен байланыста болған күдіктілер ретінде тексерілген. Індет жұқтырғандардың ішінде 108 адамда ауру белгілері болды, 4 адамға симптомсыз түрі тән.
Жалпы, Қостанай облысында 2020 жылғы 3 сәуір мен 2021 жылғы 24 қазан аралығында COVID-19-ды 36 013 адам жұқтырған. Емделіп шыққан адамдардың саны – 32 271.
Осы жылдың 1 ақпанынан бастап бірінші компонентпен 326 216 адам, екінші компонентпен 302 604 адам вакциналанды.