Кему бар

1 қарашада Қостанай облысында коронавирус 79 адамнан анықталды. Күні кешегі статистикада кесел 115 адамға жұққанын айтқан болатынбыз.
Бүгінгі мәлімет бойынша, Қостанай қ. – 17, Лисаков қ. – 11, Рудный қ. – 10, Жітіқара қ. – 6, Денисов және Мендықара аудандарында – 5, Амангелді және Әулиекөл аудандарында – 4, Қостанай, Қарасу және Б.Майдин аудандарында – 3, Алтынсарин, Қамысты және Қарабалық аудандарында – 2, Сарыкөл және Ұзынкөл аудандарында 1 адамнан індетке шалдыққан. 
70 адам ауруханаға өздігінен жүгінген кезде, 9 адам коронавирус расталған науқастармен байланыста болған күдікті ретінде тексерілген. 
Індет жұқтырғандардың ішінде 75адамда ауру белгілері болды, 4 адамға симптомсыз түрі тән.
Жалпы, Қостанай облысында 2020 жылғы 3 сәуір мен 2021 жылғы 1 қараша аралығында COVID-19-дың 36 921 жағдайы тіркелді.
Емделіп шыққан адамдардың саны – 33 226. Осы жылдың 1 ақпанынан бастап бірінші компонентпен 329 764 адам, екінші компонентпен 306 042 адам вакциналанды.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓