Күн дерегі: 134 адам жұқтырды
29 қазанда Қостанай облысында коронавирус 134 адамнан табылды.
Атап айтқанда: Қостанай қ. – 46, Рудный қ. – 12, Лисаков, Жітіқара қалалары, Қарабалық және Федоров аудандарында – 8, Әулиекөл және Қостанай аудандарында – 7, Денисов және Алтынсарин аудандарында – 6, Мендықара ауданы – 5, Қарасу және Б.Майлин аудандарында – 4, Ұзынкөл және Қамысты аудандарында – 2, Науырзым ауданында – 1.
117 адам ауруханаға өздігінен жүгінген кезде, 14 адам коронавирус расталған адамдармен байланыста болған күдіктілер ретінде, 3 адам профилактикалық мақсатта ауруханаға жатқызу алдында тексерілді.
Індет жұқтырғандардың ішінде 123 адамда ауру белгілері болды, 11 адамға симптомсыз түрі тән.
Жалпы, Қостанай облысында 2020 жылғы 3 сәуір мен 2021 жылғы 29 қазан аралығында COVID-19-ды 36 597 адам жұқтырған. Емделіп шыққан адамдардың саны – 33 125.
Осы жылдың 1 ақпанынан бастап бірінші компонентпен 328 917 адам, екінші компонентпен 305 207 адам вакциналанды.