Қазақстан Республикасы ұлттық валютасының айналыстағы естелік банкноттары

Ұлттық валюта – теңге енгізілуінің 20 жылдығына арналған номиналы 20000 теңгелік банкнот (айналысқа енгізілген күні: 01.12.2015ж.)
Қазақстан   Республикасы   Тәуелсіздігінің    25    жылдығына   арналған номиналы 10000 теңгелік банкнот (айналысқа енгізілген күні: 01.12.2016ж.)
Қазақстан   Республикасы   Тәуелсіздігінің    20    жылдығына   арналған номиналы 10000 теңгелік банкнот (айналысқа енгізілген күні: 04.07.2011ж.)
Ұлттық валюта – теңге енгізілуінің 15 жылдығына арналған номиналы 5000 теңгелік банкнот (айналысқа енгізілген күні: 08.07.2008ж.)
2011 жылғы 7-ші қысқы Азия ойындарына арналған номиналы 2000 теңгелік банкнот (айналысқа енгізілген күні: 17.01.2011ж.)
«Күлтегін» түркі жазба ескерткішіне арналған номиналы 1000 теңгелік банкнот (айналысқа енгізілген күні: 12.12.2013ж.)
Қазақстан Республикасының «Ислам конференциясы» ұйымына төрағалық етуіне арналған номиналы 1000 теңгелік банкнот (айналысқа енгізілген күні: 25.05.2011ж.)
Қазақстан Республикасының 2010 жылы Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымында (ЕҚЫҰ) төрағалық етуіне арналған номиналы 1000 теңгелік банкнот (айналысқа енгізілген күні: 05.01.2010ж.)
Ескерту:
Қазақстан Республикасы ұлттық валютасының естелік банкноттары:
– заңды төлем құралы болып табылады;
– айналыста болу мерзімі шектелмеген;
– айналымнан табиғи тозу шамасына қарай алынады;
– Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында төлемдердің барлық түрлері бойынша, сондай-ақ белгіленген құны бойынша банктік шоттарға есепке алу және аудару үшін қабылдауға міндетті;
– барлық банктер мен Ұлттық пошта операторы шектеусіз ұсақтайды және айырбастайды.
Қазақстан Республикасының аумағында айналыстағы заңды төлем құралы болып табылатын ұлттық валютаның банкноттары мен монеталарын қабылдаудан, ауыстырудан және айырбастаудан бас тарту «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 206-бабын бұзуға әкеп соқтырады.
Сұрақтар бойынша Ұлттық Банктің Қостанай филиалына 99-09-24, 99-09-25, 99-09-10. телефондары арқылы хабарласуға болады.
 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓