Айыппұлдардың көлемі төмендейді
Әкімшілік құқықбұзушылық жасаған жүкті аналар мен кәмелеттік жасқа толмағандарға қатысты айыппұл көлемі 30 пайызға төмендетілуі мүмкін. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте ҚР Әділет вице-министрі Зәуреш Баймолдина мәлім етті. Оның сөзіне қарағанда, бұл жеңілдіктер құқық бұзушылар толық кінәсін мойындап, өкініш білдірген кезде ғана қолданылады.