Ең төменгі зейнетақы қанша болады?

«Ашық НҚА» порталында «2022-2024 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» заңның жобасы жарияланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Құжатта 2022 жылдың 1 қаңтарынан бастап жалақының ең төменгі мөлшері 60 000 теңге болатыны айтылған. Ал мемлекеттік базалық зейнетақы төлемінің ең төменгі мөлшері 19 450 теңге болады деп көрсетілген.
Заң жобасы бойынша, 2022 жылдың 1 қаңтарынан бастап зейнетақының ең төменгі мөлшері – 46 302 теңге болмақ. 6 қазанға дейін қоғам талқысына ұсынылып отырған құжат жобасында өзге де әлеуметтік төлемдердің мөлшері нақтыланған:
– айыппұл санкцияларын, салықтар мен басқа да төлемдерге қолданылатын айлық есептік көрсеткіш – 3 063 теңге;
– базалық әлеуметтік төлемдердің мөлшерін есептейтін ең төмен күнкөріс деңгейінің шамасы – 36 018 теңге.
Жобаның түсіндірме жазбасында бұл құжаттың жобасын қабылдау арқылы ең төменгі жалақы мөлшерін қазіргі 42 500 теңгеден 60 000 теңгеге дейін арттыру көзделгені айтылған.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓