Батыр атындағы турнир

Лисаков қаласының «Арай» спорт кешенінде шағын футболдан қызметтік міндеттерін орындау кезінде қаза тапқан Лисаков қаласының полиция бөлімінің қызметкері Александр Геннадьевич Туромшинді еске алуға арналған турнир өтті.IMG-20190713-WA0043_1563098507039
Аталмыш турнир бұл күндері дәстүрге айналған, себебі 1996 жылдан бері үзілмей өтіп келеді. Жарысқа Ішкі істер органдарының ардагерлері, сондай-ақ Денисов, Бейімбет Майлин, Қамысты аудандары мен Рудный, Лисаков, Жітіқара қалаларынан келген полиция бөлімідерінің командалары қатысты.IMG-20190713-WA0024_1563098465918
Турнирді Лисаков қаласының полиция бөлімінің бастығы полиция полковнигі Қайырбек Сатыбалдин салтанатты түрде ашты. Бұдан соң ІІМ ардагері Андрей Штейнкке сөз алды, ол кезінде марқұм қызмет атқарған патрульдік полиция взводының командирі болған. Андрей Андреевичтің айтуынша, Атырауда өткен «Путин-95» арнайы операциясына Александрды жіберуді ұйғарған. Өйткені бұл жігіт өте жауапты, кез келген істі аяғына дейін жеткізетін. Ол жұмыста жүріп қаза тапса да, сол жердегі міндетін адал орындады. Александр милицияға жұмысқа Тобыл жөндеу-механикалық зауытының еңбек ұжымының жолдамасы бойынша келген.
1995 жылғы 16 мамырда сағат 23:00-ден кейін кіші сержант Туромшин бекітілген учаскені айналып өтіп, жаңа автожол көпірімен қайтып келе жатқанда қолында сөмкесі бар жас жігітті жолықтырады. Оны тексеру кезінде бекіре тұқымдас балықтар мен қара уылдырық табылады. Браконьерді ұстаған соң, ол оны қарсы жағалауда болған брандвахтаға алып келеді. Осы кезде ол артқы жақтан сыбырлаған дауыстар естиді, бұл – ұсталған адамның достары. Олардан спирттің иісі мүңкіп тұрған. Милиционер бәріне тоқтауға бұйрық береді. Осы сәтті пайдаланып ұсталған азамат милиционерді аяғынан қағып, оны соққыға жыққан. Милиция кіші сержантына төрт мас қылмыскер жабылып ұрған. Қызметтік куәлік пен табельдік қаруын тартып алып, олар оны ұзақ уақыт бойы ұрған. Қылмыскерлер Туромшиннің денесін Орал өзеніне тастаған.
Александр Туромшин әскери жағдайда солдат ретінде әрекет етті. Қиын сәтте қауіп-қатерге қарсы тұрды, қызметтік борышын орындау кезінде қаза тапты. Кіші сержант Александр Туромшиннің есімі қызметтік міндеттерін атқару кезінде қаза тапқан Қостанай облысы ПД «Милицейская слава» мұражайының милиция қызметкерлерінің тізіміне енгізілді және Лисаков полиция бөлімі ғимаратының алдында гранит тақтасы қойылды.
Александр Туромшин бар-жоғы 20 жасында қаза тапты. Қазір оның ұлы да ер жетті, бірақ марқұм өз баласын тіпті көре алмай өмірден өтті. Марқұмның баласы кішкентайында анасымен Германияға көшіп кеткен. Ал жуырда ғана Лисаков қаласының полиция қызметкерлері оларға жәрдемақы алу үшін құжаттарды жинауға көмектесті.
Ал жарыс қорытындысы бойынша үшінші орынды Лисаков қаласы полиция бөлімінің командасы, екінші орынды Қостанай облысы ІІД Ардагерлер командасы иеленді. Бірінші орынды Қостанай облысы ПД командасы жеңіп алды. Жеңімпаздарға арнайы кубок, жүлделер және медальдар табыс етілді.IMG-20190713-WA0031_1563098462880
IMG-20190713-WA0029_1563098463953
IMG-20190713-WA0032_1563098460540
 
Қостанай облысы ПД баспасөз қызметі

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓