COVID-19: +140

16 қыркүйекте Қостанай облысында коронавирус 140 адамнан табылды.
Атап айтқанда: Қостанай қ. – 62, Рудный қ. –  15, Қостанай ауданы – 13, Денисов ауданы – 10, Б.Майлин ауданы – 8, Жітіқара қ. – 7, Әулиекөл ауданы – 6, Мендықара және Федоров аудандарында – 5, Амангелді, Қамысты, Сарыкөл және Ұзынкөл аудандарында 2 – ден, Алтынсарин ауданы – 1. 
123 адам ауруханаға өздігінен жүгінген кезде, 16 адам коронавирус расталған адамдармен байланыста болған күдіктілер ретінде, 1 жағдай профилактикалық мақсатта ауруханаға жатқызу алдында тексерілді. 
Індет жұқтырғандардың ішінде 126 адамда ауру белгілері болды, 14 адамға симптомсыз түрі тән.
Жалпы,Қостанай облысында 2020 жылғы 3 сәуір мен 2021 жылғы 16 қыркүйек аралығында COVID-19-ды 31 915 адам жұқтырған. Емделіп шыққан адамдардың саны – 27 808.
Осы жылдың 1 ақпанынан бастап бірінші компонентпен 312 198 адам, екінші компонентпен 273 040 адам вакциналанды.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓