COVID-19: Екі адам науқастанды

Қостанай облысында, 2 маусымдағы мәлімет бойынша, COVID-19 инфекциясын екі адамның жұқтырғаны белгілі болды.              
 Қостанай қаласында 60 жастағы зейнеткер әйел мен 58 жастағы ер кісі ауруханаға жатқызылды. Олар бұрын індет жұқтырған адамдармен жақын байланыста болған тұрғындар ретінде эпидкөрсеткіштер бойынша тексерілді.  ПТР диагностикалық зерттеудің қорытындысы бойынша, аталған тұлғаларда COVID-19 диагнозы расталды. Қазіргі таңда науқастардың жағдайы қанағаттанарлық, олардың тарапынан шағым жоқ. Пациенттер оқшауланған, тиісті ем алып жатыр.   
Бұл науқастармен қарым-қатынаста болған адамдарды анықтау тұрғысындағы жұмыстар атқарылуда. Аурудың ошақтарында дезинфекциялық жұмыстар жүргізілді.   
02.06.2020 жылғы жағдай бойынша, облыста COVID-19 инфекциясы 184 адамнан анықталды, 88-і емделіп шыққан.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓