Көптің көмегіне мұқтаж

Қостанайлық кішкентай тұрғын, 5 жасар Темірхан Арислан Арсенұлына ауыр диагноз қойылды. Жеткіншектің анасы Жанна Оспанова халықтан көмек сұрады.
Анықтамада "қанның қатерлі ісігі – хромосомалардың сирек генетикалық бұзылуы бар жедел лимфобластикалық лейкемия-транслокация EA2 / PBX 1 t(1-19)" деп жазылған. Шарасыз ана ем қаржысын жинауға жәрдемдессеңіздер екен деп жергілікті әкімдікке жүгінген.
Жанна Абайқызына қайырымдылық көрсету мақсатында 9 қыркүйекте сағат 15:00-де қалалық "Мирас" мәдениет үйінде концерт ұйымдастырылған. Енді қайырымды жандардан қаражат жинауға қол ұшын созу, осы ақпаратты мүмкіндігінше БАҚ, интернет-ресурс және әлеуметтік желілер арқылы таратуға өтініш жасалып отыр.
Кімде-кім жеткіншектің өміріне араша түсуге үлес қосқысы келсе, төмендегі реквизиттерге жүгінуге болады:
Тел. 8701 7868999 (WhatsApp арқылы қоңырау шалу үшін)
8702 1600735
Эл.почта: ospanova_88@mail.ru
Halyk bank  5354 5100 9312 1993
Kaspi  bank  5169 4931 4884 2696 
(8701 786 89 99 нөмірі де қосулы)

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓