Жітіқарадағы жаңа спорт алаңы

Жітіқарадағы Жеңіс қалалық паркінің аумағында жаңа скейт алаңы ашылды. Бұл – «Қостанай минералдары» АҚ-ның тартуы.
Аудан әкімі Нұржан Өтегенов нысанның ашылу рәсімінде скейтбординг биыл Олимпиада тізіміне енгенін, енді әлемдік қауымдастық мойындаған осы спорт түрін дамыту керегін айтты.
 –Бұл скейт және вело алаңы болашақта қала мен елдің тарихына өз үлесін қосатын жас ұрпақ үшін жасалуда. Өңірімізде спорттың дамытуға барынша жағдай қарастырылған. Жас буын алдағы уақытта артылған үмітті ақтайды деп сенеміз. «Қостанай минералдары» АҚ-ның кезекті тартуына алғысым шексіз, – деді ол.
Алаң заманауи талаптарға сай жабдықталған. Арнайы жол белгілері де орнатылған. Бұған «Қостанай минералдары» АҚ 19 млн теңге жұмсапты.
–Біз Жітіқара қаласын тартымды және заман талабына сай дамыта беруіміз керек. Скейт саябағы – біздің жастарға қажет қазіргі уақыттың бренді. Біз оларды әрдайым қолдаймыз және саламатты, жан-жақты дамыған, қуатты, ой-өрісі кең жастарға сенім артамыз. Мұның бәрі жітіқаралықтар үшін жасалуда, – деді «Қостанай минералдары» АҚ басқарма төрағасының міндетін атқарушы Айбол Смағұлов.
Жеткіншектер қуанышында шек жоқ.
–Маған бұл алаңдар қатты ұнады. Әсіресе, қауіпсіздікке ерекше мән берілгені қуантады. Велоалаңда жол ережелері белгісіне қарап, нағыз жолда жүргендей сезінесің. Осында достарыммен жиі кездесетін боламыз,  – дейді қала тұрғыны Әмір Қыстауов.
 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓